Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
21 янв 2025

«Халқының мұңын жырлаған»

 

Сыр бойы мен қазыналы Қаратау етегін жайлаған, Майлықожа ақын бастаған ақындар шоғырының өрелі бір өкілі - Ергөбек Құттыбайұлы. Ергөбек Құттыбайұлының туғанына биыл 160 жыл толып отыр. Осыған орай кітапхана қызметкерлері «Халқының мұңын жырлаған» атты тұлғатану кешін Ө.Жәнібеков атындағы №4 лецей-интернатының оқушыларының қатысуымен өткізді. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері ақынның өмірі мен шығармаларына шолу жасап, оқырмандар ақынның «Менің атым Ергөбек», «Сәлем де туған елдерге», «Кедейліктен дарамын», «Іздірәсти, Некалай» өлеңдерін оқыды. Ергөбек туындылары қазақ халқының басына түскен ашаршылық қасіретіне, әділдік, теңдік тақырыптарына байланысты жазылған еді.

Ергөбек ақынның өлеңдері уақыт тозаңының астында көміліп қалмай, ел жадында сақталып қалуы - олардың өміршеңдігін, елдің сыры мен мұңын саф алтындай сара сөздермен өрнектей алғандығын байқатады.