Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
14 фев 2025

"КІТАП - СЫЙЛЫҚТЫҢ ТӨРЕСІ"

 

"Кітап - шежіре, кітап - тарих". Яғни, кітап біздің өткенімізді бүгінге, бүгінімізді ертеңге жеткізетін қасиетті құрал, рухани қазына! Демек, кітап оқымаған адам - бір өмірді көрсе, кітап оқыған адам мың өмірді көреді.

14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Отырар" кітапханасы акция ұйымдастырған болатын. Мұндағы мақсат - кітаптың адам өміріндегі маңызын атап өту, көпшілік арасында оқу мәдениетін насихаттау, білім мен ғылымның тек кітап арқылы келетінін түсіндіру және оқырмандардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру.

Осы акция аясында Зияш Қалауова атындағы бастауыш мектептің мұғалімі Мереке Айтпенова өзінің жеке кітапханасынан оқырман көңілінен шығатын , оқыған адамға пайдасы тисін деген ниетпен бірнеше кітаптарын орталық кітапханаға сыйға тартты.