Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
24 дек 2024

«Саусағымның ұшымен терең терген қазынам»


Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен зағип оқырмандар арасында «Саусағымның ұшымен терең терген қазынам» атты Брайль қарпінде оқып үйрену сабағы болып өтті. 

Саусақ ұшының сипап-сезу мүшесінің қаншалықты жақсы дамығандығын тексеру үшін І топ көз мүгедектері Әліпбеков Абдулла, Сыдыкова Гүлзира, Ақаев Пернехан, Ақылбеков Бақтияр Брайль әдебиеттерінен оқып жарысты. Қоғамға жаңадан тіркелген оқырмандар Брайль алфавитімен танысты. 

Тифлопедагогикалық оқу құралдарының көрмесі ұйымдастырылды. Зағип жандардың кітап оқуына жағдай жасаған қазақша нүктелі-бедерлі шрифт авторы Ақан Қасымов және тұңғыш бедерлі шрифт авторы Л.Брайль туралы көрме жасалып олардың өмірбаяны мен еңбектері туралы айтылды.