Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
08 ноя 2024

«Шұғаның белгісі»


Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Б.Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Шұғаның белгісі» повесі бойынша талдау ұйымдастырылды.

Шараға Ө.Жәнібек атындағы №4 лицей интернатының 8 сынып оқушылары, сынып тәрбиешісі Қожанова Жанар қатысты.

Оқырмандар Ж.Мамырбай, Н.Базарбай, К.Тұрғанбайлар повестегі ең өткір мәселе әйел теңсіздігіне, бірін бірі сүйген, арманына жете алмаған Шұға мен Әбдірахманның трагедиялық халіне, жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерге жан-жақты талдау жасады.

Шара соңында кітапханашы жазушы кітаптарына шолу жасап, өмірі мен шығармашылығынан дайындалған сұрақ – жауап ойынында оқушылар белсенділік көрсетті.