Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
18 окт 2024

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ


Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ауданымыздағы Шәмші Қалдаяқов мектеп-гимназиясында жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адалдық деп соғады менің жүрегім» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді.

Шарада кітапханашылар мектеп оқушыларына ар мен ұят, шыншылдық, адами құндылықтар, отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік секілді негізгі құндылықтар жайында әңгіме өрбітіп, ел болашағы жастарды патриоттыққа, адалдыққа шақырды.