Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
01 окт 2024

#1қазан_Халықаралық_қарттар_күні


Құрметті ардагерлер!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ешқашан ұмытылмайды. Ардақты да, аяулы қарттарымыз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, елімізде бейбітшіліктің тұрақты болуына үлкен еңбек сіңіріп, елеулі үлес қосты.

Осы мереке күні қарсаңында кітапхана саласында көп жылдар еңбек етіп, бүгінде еткен еңбектің зейнетін көріп отырған Тәжікүл апайымызды және барша ардагер апа - ағаларымызды құттықтаймыз!

Ақыл - кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!