Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
09 авг 2024

#ТағзымСағаты #ДанаАбайДараАбай

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілген Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді.

Осыған орай Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Дана – Абай, Дара - Абай" атты тақырыпта тағзым сағаты өткізілді.

Дәстүрге айналған шарада оқушылар ақынның өмірбаянымен танысып, ақынның өлеңдерін, қара сөздерін жатқа айтып, сұрақтарға жауап берді. "Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған," - деп төрелігін өзі шешкен Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасай бермек.