Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
03 авг 2024

ТОЙ ТУРАЛЫ ОЙ


Бүгін аудандық орталық кітапханада ауданымызға белгілі асабалардың басын қосып «Той туралы ой» атты іскерлік кездесу болып өтті.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары А. Құлмаханов, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Құттыбай, Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Т.Әбікеев, «Шуақты аналар» аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Қ.Байжұман және асабалар қатысты.

Іс шараны ашып берген аудан әкімінің орынбасары А. Құлмаханов «Тойдың қандай түрі болса да салт – дәстүрімізден аттап кетпей, той мәдениетін, той этикасын, эстетикасын ұстану әрі қалыптастыру керек» деп өз ойын ортаға салды.

Қазақтың тойы, талғам мен тағылым туралы, той мәдениеті туралы асабаларымыз өз ойларын, ұсыныстарын айтты.

Қазіргі уақыт ысырапшылықты, бейберекетсіздікті көтеретін уақыт емес.

Тойға жас та кәрі де барған соң тойдан алар тағылым мол болса екен. Сөйлеген сөзіміз де, киген киіміміз де, көрсетілген өнеріміз де талғамымыз да жоғары болса екен – деп ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Таңат Әбікеев ағамыз іс шараны қорытындылады.