Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
22 Сәуір 2024

«Жыр жауһарын жүрегінде тербеген»


«Менің бақытым – қаламым мен домбырам» деп, ғибратты ғұмырын сөз өнеріне арнаған Әселхан апамыздың шығармашылығына арналған бүгін V аудандық «Әселхан оқулары» байқауы аудандық орталық кітапханада болып өтті. Қазақтың біртуар ақыны Мұқағалидың туған жерінде әрбір қазағы ақынның өлеңін жатқа айта алады емес пе? Біздер, отырарлықтар да, әрбіріміз Әселхан апамыздың жырларын неге жатқа білмеске!

Мінеки, осы мақсатта ақын Ә.Қалыбекованың көзі тірісінде бастау алған бүгінгі мәнерлеп оқу байқауына қатысушылардың өнерлерін таразылау үшін ҚР-ның білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ақын, ұстаз – Жұмакүл Нәлібаева мен ақын апамыздың шәкірті Дәурен Полатбаев сарапшылық жасады.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің қызметкері Дариға Шерехан иеленді.

Аққұм ауылынан келген Әбдібек Тағай І орын, Ақтөбелік ұстаз Гүлназ Сәрсенбай ІІ орын, Отырар ауыл округінен қатысқан Аягөз Дәулетбекқызы ІІІ орынға ие болды. Басқа қатысушылардың барлығы да алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Байқаудан көріністерді тамашалаңыздар...