Балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақыттарын тиімді өткізіп, кітап оқуға деген ынталарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған "Жаз қызығы кітаппен!!!" бағдарламасы аясында «Ердаулет» балабақшасының бүлдіршіндері кітапханамызға саяхат жасады.
Кітап әлемінің табалдырығын аттағаннан-ақ біздің кітапханашылар бүлдіршіндерді құшақ жая қарсы алып, кітапхананы аралатты.
Шарада балалар тақпақ, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Сондай- ақ, балалар кітапханашылардың еліміздің тарихы туралы, ұлы тұлғалары, балаларға арналған әдебиеттер туралы әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады және сұрақ – жауап арқылы қандай ертегі білетіндерін жарыса айтып берді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.