Отырар ауданында «Жасыл аймақ» апталығы аясында Темір ауылында орналасқан саябақты абаттандыру және көгалдандыру шаралары атқарылуда. Аталған шараға ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсене атсалысуда.
Акция аясында саябақ маңында ретсіз өскен арам шөптер шабылып, арық-атыздар тазаланды. Сонымен қатар, көшет егу, талдарды бұтау, ағаштарды әктеп, түптерін қопсыту жұмыстарына тұрғындар барынша белсенділік танытты.
«Жасыл аймақ» апталығына орай ауданымызды көркейту-көгалдандыру бағытында ұйымдастырылған бұл акция ауданға қарасты 13 ауылдық округте жалғасын табуда.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.