#2_ақпан_Ұлттық_басылым_күні
Ұлттық басылым күні - елдің рухани өмірінде ерекше мәнге ие мереке. Бұл күн халықтың ой-санасын қалыптастырып, қоғам дамуына бағыт-бағдар берген газет-журналдардың тарихын ұлықтауға арналған. Ұлттық басылым - тек ақпарат жеткізуші құрал ғана емес, ұлттың тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, дамытуға қызмет ететін рухани қазына. Алаш қайраткері Міржақып Дулатов:"Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты" деген екен. Сол сөздің дәлелі ретінде қазақ баспасөзінің бастауында тұрған "Түркістан уәлаятының газеті", "Дала уәлаятының газеті", "Қазақ" газеті сияқты басылымдар халықты білімге, елдікке, азат ойға үндеп, қоғамдық сананың оянуына зор үлес қосты. Олар ұлт мүддесін қорғап, тарихи кезеңдердің шынайы шежіресін жасап кетті.
Бүгінде ұлттық басылымдар дәстүрлі форматпен қатар, цифрлық кеңістікте де дамып, оқырманға жедел әрі сапалы ақпарат ұсынуда.
Ұлттық басылым - халықтың үні, елдің айнасы болғандықтан ұлттық басылым өкілдерінің еңбегі қашанда құрметке лайық.
Осынау айтулы мереке күні барша қаламгерлер мен баспасөз қызметкерлеріне шығармашылық табыс, халық сеніміне лайық еңбек тілейміз!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.