«Түркістан - Түркі әлемінің туризм астанасы» атануы аясында қала тұрғындарымен мен спортшылар арасында веломарафон өтті. Жарыстың ашылуында алғы сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Түркістан қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен додада жалпы саны 70-ке жуық адам бақ сынады. Шабандоздар «Түркістан Арена» стадионынан бастап, «Денсаулық» саябағына дейін 7 шақырым жолды жүріп өтті. Жүлдегерлерге қала әкімінің арнайы алғыс хаттары мен сыйлықтары табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.