Кентау қаласында жас отбасылардың басын қосқан облыстық «Біз – спорттық отбасы» сайысы өтті. Кентау қаласы әкімдігінің қолдауымен облыстық және Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мекемелерінің ұйымдастыруымен өткен шараға өңірдің барлық аудан-қалаларынан жас отбасылар қатысты. Шараның мақсаты - жас отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығын арттыру, ата-ананы қадірлеу, баланың тәрбиесіне көңіл бөлуге үгіттеу. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау.
Тартысты сайыста отбасылар «Кім көп секіреді?», «Кім жүйрік?», «Эстафета», «Шеңбермен жүгіру» сынды төрт кезеңнен тұратын бәсекеде бақ сынады. Сайыс нәтижесінде, I орынға - саурандық «Алғырлар» командасы лайық деп танылса, ал II орынға - Түркістан қаласынан келген Айтметовтар отбасы ие болды. Сондай-ақ, III орынды кентаулық – «Шаңырақ» командасы иеленді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.