Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
28 Тамыз 2025

«Туған жерді шексіз сүй!»

 

📌Отырар ауданының 90 жылдығына орай «Туған жерді шексіз сүй!» жобасы аясында жергілікті ақындардың шығармаларын насихаттау, ұлттық әдебиетімізді дәріптеу, жас ұрпаққа өнеге қалдыру мақсатында жергілікті қаламгерлер Отырар ауданының «Құрметті азаматы», ақын Бегаман Сұлтаев, қос өнерді қатар алып жүрген Отырар ауданының «Құрметті азаматы», ақын, суретші Әділхан Мәлік және де бірнеше республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, «Отырар әдебиеті және өнері» бірлестігінің төрағасы, айтыскер ақын Дәурен Полатбаевпен ақындар алаңқайы өтті!

📚Кеш қонақтары оқырмандармен жүздесіп, өз өлеңдерін оқып, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық сырларымен ой бөлісті.

Кеш барысында әсем ән орындалып, жыр шумақтары оқылды.

📚Шараға кітапхана оқырмандары, жастар, музей қызметкерлері қатысты. Шараға қатысушылар рухани байлыққа толы әсерлі кештің куәсі болды.