Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2

«Туған жерді шексіз сүй!» жобасы

Атауы Кітапханалық «Туған жерді шексіз сүй!» мақсатты бағдарламасы
Жетекші Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры А.Рыскелді.
Бастамашы «Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Мақсаты Киелі Отырар өңірінің бай тарихымен, тұлғаларымыздың еңбектерімен таныстыру және  туған жеріміздің тарихынан  әлі де беймәлім тұстары  туралы ауызекі болса да деректерді жинақтау. Сонымен қатар, бүгінгі таңда ауылымыздағы  дәріптеуге лайық азаматтарымыздың, жастарымыздың еңбегін паш ету.
Күтілетін нәтиже - «Ауылымның тарихы – тұнған шежіре». Ауыл тарихынан, жер-су атаулары бойынша мәлімет жинау
- «Ауылын көріп азаматын таны». Тарихи тұлғалар, кәсіпкерлер, белсенді жастар, батыр аналар т.б деректер жинақтау, мәдени шаралар ұйымдастыру.
- «Ауылдың төлқұжаты». Ауылымыздың ақпаратқа қажет сандық деректерін  жинақтау
Жүзеге асыру әдісі -  туған жеріне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани байлығымызды  байыту, жастарымызға тәрбие беру;
-  өлкетану құжаттарының қорын қалыптастыру және толықтыру;
-  мәліметтер және ақпараттар қорын құру (электрондық, тақырыптық  папкалар, аудио-бейне және т.б.);
-  көпшілік шаралар өткізу болып табылады.
Стейкхолдерлер және басқа да қатысушылар Жоба жетекшісі: Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры А.Рыскелді.
Жауапты маман: Оқырмандарға қызмет көрсету бөлмінің қызметкері  Ж.Серікқызы    тел. 87712580290
Қатысушы ұйымдар Ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер,батыр аналар, жастар, мектеп оқушылары
Жүзеге асыру мерзімі 2019-2025 ж.ж
Өтетін орны (аудан, ауыл, т.б) Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ғимараты, ауылдық кітапханалар.

Жобаның мақсаты

1

Аудандық орталық кітапханада «Туған жерге қызмет ету –әрбір адамның азаматтық борышы» атты тақырыпта кәсіпкер, тігінші, дизайнер Ақерке Таменовамен сұхбат болып,әлеуметтік желіде жарияланды.Сұхбат барысында жалпы, дизайнерге өзіндік ерекшелік болуы қаншалықты маңызды? Кез келген адам тігінші бола алады ма? Сұраныс болуы үшін жарнама қажет. Қалай жарнамалайсыз? Тапсырыс берушілер көбінесе қандай киімдер сұрайды? «Мынау Ақеркенің  киімі ғой» дер, қолтаңбаңызды аңғартып тұратын элемент бар ма? -   деген сұрақтарға жауап бере отырып, табысты кәсіпкердің басты қасиеттері еңбекқорлық, өмір бойы білім алу мен өзін-өзі жетілдіру екенін айтып өтті

📌Отырар ауданының 90 жылдығына орай «Туған жерді шексіз сүй!» жобасы аясында жергілікті ақындардың шығармаларын насихаттау, ұлттық әдебиетімізді дәріптеу, жас ұрпаққа өнеге қалдыру мақсатында жергілікті қаламгерлер Отырар ауданының «Құрметті азаматы», ақын Бегаман Сұлтаев, қос өнерді қатар алып жүрген Отырар ауданының «Құрметті азаматы», ақын, суретші Әділхан Мәлік және де бірнеше республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, «Отырар әдебиеті және өнері» бірлестігінің төрағасы, айтыскер ақын Дәурен Полатбаевпен ақындар алаңқайы өтті!

📚Кеш қонақтары оқырмандармен жүздесіп, өз өлеңдерін оқып, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық сырларымен ой бөлісті.

Кеш барысында әсем ән орындалып, жыр шумақтары оқылды.

📚Шараға кітапхана оқырмандары, жастар, музей қызметкерлері қатысты. Шараға қатысушылар рухани байлыққа толы әсерлі кештің куәсі болды.

Елімізде 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама еңбек адамдарының қоғамдағы маңызын арттырып, олардың еңбегіне деген құрметті күшейту мақсатында қолға алынған. Осыған орай аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір» орталығында «Туған жерді шексіз сүй» жобасы аясында еңбек ардагерлері Ш.Серікбаев, Қ.Нәлібаев, Б.Маханбет, Д.Қаппарова сынды қарияларымызбен «Әр адам өз ісімен көрікті» атты сыр-сұхбат өткізілді. Еңбек ардагерлері ауданымызды гүлдендіруге қатысты өздерінің қосқан үлесі туралы,жас ұрпаққа өнеге болатын тағлымы мол әңгімелерден сыр шертті. Шара барысында кітапханашы Д.Шерехан Ә.Қалыбекованың «Жиырма теңге» өлеңін оқып берсе, Б.Орынбай әсем әннен шашу шашты.

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды келеді. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Осы орайда аудандық орталық кітапханада Отырардың атын әлемге танытқан спорт саңлақтарының жұлдызын жаққан жаттықтырушылар және спорт жеңімпаздарының қатысуымен «Жүректерде қайсарлықтың оты бар, ерлерімен бақытты ғой Отырар» атты кездесу кеші болып өтті.

«Менің жарысқа барарда арқама асып алатын жол дорбамның түбінде үнемі кітап жүретін. Кітаппен бала күнімнен дос болдым» деп әлем чемпионатының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров айтқандай, бүгінгі кездесудің кітапханада өтуі де жайдан-жай емес. Мақсатымыз - Жақсылық балуанның жеңісті жолын жалғап келе жатқан бүгінгі толқынның білімге деген құштарлығы мен кітапханаға деген құрметін көрсету.

Кешті кітапхана директоры Р.Пернебаева алғы сөзбен ашып, арнайы шақырылған қонақтар мен оқырмандарға ізгі тілегін білдірді. Кеш барысында отырарлық спортшыларға арнап дайындалған бейнеролик көрсетілді. Отырар ауданының Құрметті азаматы, үздік жаттықтырушы Бексұлтанов Нышанбек тақырып аясында әңгіме өрбіте келе, шәкірттерінің жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар спорт жеңімпаздары өздерінің жетістікке жету жолындағы әсерлі әңгімелерін айтып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Кеше ғана әлемдік бәйгеде ел намысын қорғап, алтын медальмен оралған әлемнің үш дүркін чемпионы Жұмажан Қожамбеков бұл жеңісте өзінің жаттықтырушысы, Азия, әлем чемпионаттары белестерін бағындырған Уайсов Ұлықбек ағасының да еңбегі зор екендігін айтып өтті.Сондай-ақ, аудан өнерпаздарының патриоттық әндері кештің шырайын ашып, көпшілік тәрбиелік мәні зор шарадан риза болып тарқасты.

Осы жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ағаштан бұйым жасауды жаңғыртып, қазақтың осы бір өнерін дамытып, бабалардың өнегелі жолын жалғаған қолөнер шебері №4 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы лицей интернатының технология пәнінің мұғалімі Әжімұратов Абайхан ағамызбен «Еңбек еткен –мұратқа жеткен» атты тақырыпта сұхбат жүргізіліп, әлеуметтік желіде жарияланды.

Ынталы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен, Ә.Байтанаев мектебінің оқушыларымен бірге «Өз өлкемізге саяхат» атты тақырыпта Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан «Отырар төбе» қалашығына танымдық экскурция жасалды. Экскурция барысында оқушыларға «Отырар төбе» қалашығының тарихы, келешегі туралы мағұлмат берілді.

«Туған жерді шексіз сүй!»жобасы аясында Арыс ауылының тұрғыны бүгінде сексеннен асса да, жүріс-тұрысы сергек, қимылы ширақ, шаруадан қалмаған Әжібекова Шарлан апамыздың отбасында болдық. Апамыз бау-бақша егіп, оны кәсіп көзіне айналдырған жандардың бірі. Бейнетінің зейнетін көріп отырған отбасында болып, еңбек адамының өнімді ісімен танысып қайттық.Апа бізді ауласына ертіп шығып, жеміс ағаштарын көрсетті. Өзі өсірген  жүзімдерін  бізге үзіп берді. Шабдалы, алма, өрік, шие дейсің бе, қарауға көз керек, барлығынан да жеміс алыпты. Одан басқа аулаға картоп, сәбіз, қызанақ, қияр, қауын, қарбыз егіп, піскендерін жинап алып жатыр екен. Өзі қолдан өсірген жемістері қойылған дастарханға шақырды. Әрине, әңгіменің бәрі бау-бақша туралы болды. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген, біз сексеннің үстіне шыққан Шарлан  апаның бағынан үлкен көтеріңкі көңіл күймен шықтық.

ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ақын Жұмагүл Нәлібаеваның 60 жасқа толуына орай «Жүйріктердің жұлдызын жаққан ұстаз» атты кездесу кеші болып өтті.Қырық жыл ұстаздық қызмет етіп, шәкірттеріне білім нәрін сіңіру мен қатар ақындыққа баулып, жұртының ықыласына бөленген ұстаз - Жұмагүл Нәлібаева. Кеш «Өмірі өнегелі ұстаз» көрмесінен бастау алып, үлкен сахнада ұстаздың ағартушылық жолын баяндайтын бейнефильммен жалғасты. Кешті айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі, филология ғылымдарының кандидаты АнарЖаппарқұлова жүргізіп отырды.ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ақын Жұмагүл Нәлібаеваның 60 жасқа толуына орай «Жүйріктердің жұлдызын жаққан ұстаз» атты кездесу кеші болып өтті.Қырық жыл ұстаздық қызмет етіп, шәкірттеріне білім нәрін сіңіру мен қатар ақындыққа баулып, жұртының ықыласына бөленген ұстаз — Жұмагүл Нәлібаева. Кеш «Өмірі өнегелі ұстаз» көрмесінен бастау алып, үлкен сахнада ұстаздың ағартушылық жолын баяндайтын бейнефильммен жалғасты. Кешті айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі, филология ғылымдарының кандидаты АнарЖаппарқұлова жүргізіп отырды.

Маяқұм ауылдық кітапханасында қазақ күресінен жастар және ересектер арасында екі дүркін әлем чемпионы Ж.Қожамбековпен «Отырардың мақтанышы» атты ауыл халқының кездесу кеші болып өтті. Кешті ауыл әкімі Б.Иманов, ел ағасы Қ.Қожағұлов ашып беріп, жеңімпазға игі тілектерін білдірді. Ж.Қожамбеков өзінің спортқа қашан келгендігі және жарыс барысында кездескен қиындықтар мен сол қиындықтардан алып шыққан әдіс – айлалары туралы әңгімеледі. Және жастарды спортпен айналысуға шақырды. «Батаменен ел көгерер» дегендей ауданның құрметті азаматы Қ.Байымбетов жас спортшығы өз батасын берді.Маяқұм ауылдық кітапханасында қазақ күресінен жастар және ересектер арасында екі дүркін әлем чемпионы Ж.Қожамбековпен «Отырардың мақтанышы» атты ауыл халқының кездесу кеші болып өтті. Кешті ауыл әкімі Б.Иманов, ел ағасы Қ.Қожағұлов ашып беріп, жеңімпазға игі тілектерін білдірді. Ж.Қожамбеков өзінің спортқа қашан келгендігі және жарыс барысында кездескен қиындықтар мен сол қиындықтардан алып шыққан әдіс – айлалары туралы әңгімеледі. Және жастарды спортпен айналысуға шақырды. «Батаменен ел көгерер» дегендей ауданның құрметті азаматы Қ.Байымбетов жас спортшығы өз батасын берді.

Ауыл шаруашылығын дамытып өзінің еңбекқорлығымен  ауыл жұртының алғысын арқалап  жүрген Ескі Шілік ауылының тұрғыны Орынбасаровтар әулеті түйе өсіріп, сүтін, шұбатын, жүнін халық игілігіне арнаған жандардың бірі. Осы әулеттің анасы Ахметова Әтіркүл апаймыз  түйе өсірудің қыр-сырымен бөлісті.

Маяқұм ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандар арасында Оқсыз төбе қалашығына «Төбелер сыр шертеді» атты саяхат ұйымдастырылды.Саяхат барысында «Оқсыз» қалашығы және осы қалашықта дүниеге келген ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл Фараби бабамыз туралы мағұлмат берілді.

Көкмардан ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Көкмардан ауылының тұрғыны, қолөнер шебері Сәрсенкүл апамен сұхбат болып Қолөнер бұйымын жасауды жаңғыртып, қазақтың осы бір өнерін дамытып, бабалардың өнегелі жолын жалғаған Сәрсенкүл апамыз  немерелеріне өз қолымен жасаған жұмыстарын  үйретіп және оны кәсіп көзіне айналдырып жүргенін айтып өтті.

Отырар ауданының тарихы

     В конце 30-го года 20-го века особенным событием в истории района стало большое собрание под названием «Шаулдирский конгресс». Там люди решили объединиться в колхоз, запрудить реку Арысь и прорыть канал Шаулдир. 6 мая 1931 года под руководством Дуйсенбая Алтынбекова на реке Арысь была построена плотина. В том же году в районе было организовано 5 колхозов. А в 1932 году число колхозов достигло 17. МТС была организована с железнодорожного вокзала. Ее первым директором был Дуйсенбай Алтынбеков. Тогда Южно-Казахстанский обком партии постановлением № 106 от 27 декабря 1934 года принял решение о создании Шаулдирского района. 9 января 1935 года решением Исполкома Казахской АССР Шаулдир был выделен из Туркестанского округа и основал собственную семью. В районе было создано партбюро, в его состав вошли секретарь ауткома Ныгмет Джалелов и председатель ауткома Дуйсенбай Алтынбеков. Новая структура получила название «Шаулдирский район», а центром района стало село Шаулдир.


Постановлением Шаулдирского районного орбюро от 22 марта 1935 года С.Боранбаев был утвержден на должность редактора районной газеты. И газету было решено назвать «Социалистический Шаулдир».


     В это время в Отырарский район стала поступать советская образовательная и медицинская помощь. Первая начальная школа в регионе была открыта в 1926 году на станции Темир. Первым учителем там был Бегим Басов. В настоящее время в районе 46 школ, из них 21 типовая. У них 1798 учителей. Кишмат Досанов, Кутым Ордабаев, Сейит Эсенбаев, Бекболат Надиров, Келдебек Жабатаев, Калжан Махатов, Кулайхан Шарипова, Кожахмет Партаев, Курманбай Алшериев, Алма Мугжанова, Орынбек Дербисов, Аймахан Жанаев, Султан Барлыбаев, Иманбек Махатай, Куатбай Окшебаев, нашедшие своих путь в сердца учеников. Великие труды учителей будут вспоминаться веками.


     Центральная районная больница была открыта в 1935 году. Первым его главным врачом была Н. Сергеева, а затем, в 1936 году, выдающийся ученый Эсторе Оразаков. Сегодня в нашем районе 51 медицинский центр, в том числе 8 больниц, 14 поликлиник и 29 медицинских центров. В этой связи мы считаем, что заслуги наших заслуженных врачей, таких как Алихан Кокишеев, Жумахан Абдешов, Бегалы ​​Калымбетов, Тас Мусаев, Толе Сыздыков, Роза Махатова, Жолдасбек Турсынбаев, являются примером для будущих молодых специалистов.
Важно и то, что в 1935 году в районе было получено рекордное производство хлопка во всесоюзном объеме. Группа выдающихся колхозников приняла участие во Всесоюзном съезде колхозников, проходившем в Москве в 1936 году, и вернулась с наградами.


     В это же время в район переехал молодой поэт Аскар Токмагамбетов. Несмотря на трудности времени, он писал стихи, статьи, фельетоны. Если хотите, есть еще роман Аскара о жизни жителей Шаулдира. Мало того, поэт Гали Орманов написал стихотворение под названием «Шауилдир». В эти годы в Шаулдире жил и известный поэт Ильяс Жансугиров. 23 октября 1935 года в центральной газете «Правда» был опубликован большой очерк о моральных делах Шаулдиров. В 1946 году в районе был открыт отдел культуры, первым руководителем которого стал Рыскул Касымбеков. Сейчас народ обслуживают 1 дворец культуры, 4 дома культуры, 14 сельских клубов, 25 библиотек. В 1957 году в нашем регионе, испытавшем все это за свою 75-летнюю историю колхозизации, мучительные дни темного голода, репрессий, войны, левой политики, были распущены все колхозы и созданы совхозы. Однако некоторая поверхностная левая политика не преминула нанести вред нашему региону. Например, в 1962 г. были организованы расширенные производственно-территориальные управления. 1 января 1963 года на базе бывшего Шаулдирского района был организован широко известный общественности Кызылкумский район. Руководством было решено, что «центром станет город Арысь, а в дальнейшем – село Байыркум».


     По этому поводу скажем, что это решение нанесло ущерб жителям Шаулдира. С инициативой перенести райцентр обратно в Шаулирд выступил первый секретарь Кызылкумского райкома партии Абжаппар Зылкышиев. Так, в 1963 году на базе бывшего Шаулдирского района был организован Кызылкумский район. Районная газета теперь издается под названием «Кызылкум». Благодаря независимости 18 января 1991 года Кызылкумский район был преобразован в Отырарский район. Центром снова стал Шаулдир. Районная газета стала выходить под названием «Оты¬рар алкабы». Огромен труд таких журналистов, как Сабыр Камбаров, Токтасын Кысмуратов, Молбай Бабашев, Ауэльхан Есжанов, Сейдилдахан Елбасиев, Абылай Бейсенбиев, Икрамхан Бакиров, Койшибай Мамасерик, Оразбай Муратов в формировании самобытных традиций газеты и воспитании молодых репортеров. Благодаря известным писателям области и республики – Жумамурату Туякбаеву, Илесу Мынбаю, Аманхану Алиму, Копену Амирбеку, Нурлану Кенжегулову и другим талантливым горожанам, район имеет большие духовные возможности. Вот почему древний Отырар уважается так же, как жители Отырара уважают нашу независимость. Потому что само собой разумеется, что история каждого государства состоит из прошлого и прошлого людей, которые там жили. С этой точки зрения, если история казахской страны – это большой том, то история древнего Отырара – это значительная глава, которую нельзя исключить.
 

Тарихи орындар

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейі

 1967 жылы 17 мамырда Темір бекетінде ашылған мектеп музейінен бастау алады. Ол 1976 жылы аудандық мемлекеттік тарихи өлкетану музейі болып ашылған. Аудандық тарихи өлкетану музейі негізінде Қазақ ССР Мәдениет министрілігінің 1979 жылғы 16 қыркүйек № 33 бұйрығымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейі құрылған. Музейдің алғашқы экспозициясының ресми түрде ашылу салтанаты 1989 жылдың 25 қаңтарында өткен. Аталған экспозиция ішінара тақырыптық өзгертулермен 2012 жылға дейін қызмет көрсеткен.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылы Заманауи технологияларды пайдалана отырып жасалған музей экспозиция залының ресми ашылу рәсімі өтті..
Қазіргі таңда Отырар қорық-музейінен 202 тарихи-мәдени ескерткіш тізімге алынған. Оның ішінде, археологиялық ескерткіштер саны – 168, архитектуралық ескерткіштер саны – 6, ирригациялық жүйелер – 28. Ал 3 ескерткіш, яғни Отырар, Арыстанбаб, Оқсыз республикалық дәрежеде болса, 73 ескерткіш  жергілікті маңызға ие.
 

Қаракөншек I-XII ғғ.

Шәуілдір ауылының оңтүстік шетінде, Арыс өзенінің оң жағалауында тұр. 1948-49 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), 1969-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) зерттеген. Үшбұрыштанып келген төбенің көлемі: оңтүстік-шығыс жаны 180, оңтүстік-батыс жаны 160 м, солтүстігі – 190 м, биіктігі-15 м, төбесінде 75х60 м болатын дөңгеленген алаңы бар. Төбедегі қазіргі заман молаларынан шыққан топырақ ішінде қара және кызыл ангоб жағылған, жылтыратылған сырсыз керамиканың біраз үлгілері кездеседі. Қала орнының территориясында 3100 дана шағатайлықтар соққан күміс теңгелердің көмбесі табылған. Материалдар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларында сақтаулы.

Отырар қалашығы

Отырар - ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған. VІ – VІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады.. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. Ү – ХҮ ғғ Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 200 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасады. Қаража атты сатқын қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді.

Пышақшы төбе

Қару жарағымен, оның сапалылығымен шартараапқа даңқы жайылған. Металл өңдеудің шыңына жетіп, әлемге әйгілі қарулармен қоса, жер өңдеу ісіне пайдаланылған әртүрлі соқа, орақ, кетпен секілді бұйымдарды да ерекше әдіспен жасаған.    
I-XII ғғ. (археол.). Қоғам ауылының оңтүстік-батысында, 1 км жерде орналасқан. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А. Н. Бернштам) зерттеген. 
1949 жылы төменгі (батыс) алаңның шығыс шетінің ортасында қазба жүргізілді. 6—10 ғғ. жататын 3 қабат аршылды. 1969 — 70 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев) зерттеп, кішігірім шурф салынды. Қала орны бүрыштары дөңгеленіп келген тікбұрышты, екі қабатты төбе болып қалған. Осы тебе айналасында түрлі көлем мен калыптағы төбеге айналған қүрылыс орындары бар. Төбе айналасында жалдың қалдықтары сақталған. Цитадельдің оңтүстігінде Арыс өзенінен келетін көне магистральды арықтың орны бар. Арықтың екі жағында да құрылыс қалдықтары бар. Олардың бірі — Жартөбенің диаметрі 100 м-дей, биіктігі 6 м. Ескі арық төбені екіге жарған. 1949 жылғы қазба барысында 3 қабат аршылды. Бірінші қабат қатты шайылып, бүзылған. Екінші қабатта кесектен (42x43x7 — 9 см) қаланған қабырға қалдықтары мен күл дақтары болды
 

Арыстан баб кесенесі

Көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғасыр шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35×12 метр, биіктігі 12 метр, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделген. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

Құйрықтөбе

Қоғам ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км, ортағасырлық Отырар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде, Арыс өзенің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан. Қаланы 1949–51 ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедиция (жетекшісі А.Н.Бернштам), 1981 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Ақышев) зерттеді. Қазіргі орнының биіктігі 7,5 м, с олтүстіктен батысқа қарай 250 м-ге созылған, батысының ұзындығы 125 м, оңтүстік-батысы 225 м, оңтүстік-шығысы 180 м болып келетін төбешік. Құйрықтөбенің оңтүстік-батыс бұрышында диаметрі 30 м, биіктігі 15 м төбешік түріндегі цитадель орны бар. Цитадель айналасында 4 мұнараның қалдықтары сақталған. Археология қазба жұмыстары нәтижесінде 7–12 ғ-лар аралығына жататын мәдени қабаттар аршылды. Бұл қабаттардан керамикалық ыдыс, құмыра, көзе, тостаған, адам мен жануарлар мүсіндері, 7–8 ғ-лар теңгелері, т.б. шаруашылыққа қажетті бұйымдар табылған. Зерттеу барысында күйдірілген және шикі кірпіштен салынған, қабырғаларының қалыңдығы 1,5 м, ауданы 36,5х20,5 м мешіт орны анықталған. Ішінен табылған заттарға қарағанда мешіт 11–12 ғ-ларға жатады.
Төбенің жалпы пошымы құйрықты қойдың бір бөлігіне ұқсағандықтан  Құйрықтөбе деп аталып кеткен.
 

Алтын төбе

Мыс пен мырыш, қола, алтын, күміс өңделіп, теңгелер соғылған. Бұл теңгелер орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда саттықтың өркендеуіне қызмет еткен.
Отырар аймағының орталық бөлігіндегі ірі қалалардың бірі саналатын Алтынтөбе қалажұрты І-ХІ ғасырлар аралығын қамтиды. Қалажұрт Қоғам ауылының солтүстік-батысында, 5,5 км жерде «алаңқайлы төбе» типтес, екі қатпарлы ескерткіш. Ең биік жері солтүстік бөлігі (цитадель) жоспарда шаршы тәрізді, бұрыштары дөңгеленіп келген, көлемі 135×150 м (5 м жер¬дей горизонталь бойынша) және 75×60 м (15 м жердегі горизонталь бойынша), биіктігі 17,13 м. Солтүстік жанының ортасында жоғарыдан төмен түсетін терең сай бар. Ол  пандус арқылы өтетін бұрынғы «солтүстік» қақпасының орны болуы мүмкін деген болжам жасалған. Екінші қақпа оңтүстігінде, шахристан жағында. Шахристанның биіктігі 7 м, көлемі 100×255 м, мұнаралы қорғанмен қоршалған. Қорғанның қалдықтары, біркелкі қайталанатын төбешіктері бар (мұнара орындары), аласа жота түрінде сақталған. 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А. Н. Бернштам) зерттеу жүргізген. 1949 жылы  жүргізілген қазба барысында кесектен соғылған құрылыс қалдықтары бар 3 мәдени қабаты аршылған. Олардың астында күл қабаты болған. Алынған  материалдарды сараптағаннан кейін б.д. І-ші ғасырлары және VІІІ-Х ғ.ғ. тән екені анықталған
 

Оқсыз қалажұрты

Отдельной остановкой в ​​этот буклет мы включили древний город Оксыз, одно из исторических мест республиканского значения в Отырарском районе. Хоть он и расположен в другом направлении в пределах района, мы решили также предоставить информацию об Оксызе. Село Оксиз расположено в Акжаре, в 9,5 км к северу от села Маякум. В 1900 году Н. В. Руднев провел небольшие раскопки и изучил его. В 1947 г. исследован Южно-Казахстанской археологической экспедицией (А.Н. Бернштам), в 1975 г. - Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедицией (К.А. Акишев, К.М. Байпаков). В научной литературе Оксызом считается средневековый город Весидж, где родился Абу Насир аль-Фараби. В 13 веке город, должно быть, был известен под другим названием – Зернук. 
Шахристан окружен стеной. Башни стояли по углам стен и через каждые 30-40 м. Местом расположения башен являются холмы высотой 1,5 м. Вокруг города был вырыт ров, сейчас его глубина составляет 2-3 метра. В город можно было войти из двух мест, через ворота, расположенные на восточной и юго-западной стене. С юга и запада к центральному холму примыкает неукрепленный рабад. Через территорию Рабада проходит магистральный канал. Размер Рабада составляет около 20 гектаров.
 

 

📌Отырар ауданының 90 жылдығына орай «Туған жерді шексіз сүй!» жобасы аясында жергілікті ақындардың шығармаларын насихаттау, ұлттық әдебиетімізді дәріптеу, жас ұрпаққа өнеге қалдыру мақсатында жергілікті қаламгерлер Отырар ауданының «Құрметті азаматы», ақын Бегаман Сұлтаев, қос өнерді қатар алып жүрген Отырар ауданының «Құрметті азаматы», ақын, суретші Әділхан Мәлік және де бірнеше республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, «Отырар әдебиеті және өнері» бірлестігінің төрағасы, айтыскер ақын Дәурен Полатбаевпен ақындар алаңқайы өтті!

📚Кеш қонақтары оқырмандармен жүздесіп, өз өлеңдерін оқып, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық сырларымен ой бөлісті.

Кеш барысында әсем ән орындалып, жыр шумақтары оқылды.

📚Шараға кітапхана оқырмандары, жастар, музей қызметкерлері қатысты. Шараға қатысушылар рухани байлыққа толы әсерлі кештің куәсі болды.