Тіл – халықтың баға жетпес байлығы. Ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.
Бүгін Отырар ауданы орталық кітапханасы мен Көкмардан жалпы білім беретін мектебінің бірлесуімен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы Д.Шерехан ұстаздар мен оқушыларды арнайы кітап көрмесімен таныстырып, М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа оқып берді. Ұстаздар тіліміздің мәртебесін көтеру, құрметтеу жайында айтып өтті. Оқушылар А.Байтұрсыновтың және өзге де ақындардың тіл туралы өлеңдерінен үзінділер оқып, әндер шырқады.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.