Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
21 Ақпан 2024

Танысыңыз, жаңа айдар!: «ӘКЕҢ КЕЛЕ ЖАТЫР!»


Отбасы құндылықтары құлдырап, баланың болашағына балта шабылып жатқан мына керітартпа кезеңде кешегі әкелер институтын қайта қалпына келтіру күн тәртібіндегі ең өзекті міндет болып табылады. Сондықтан «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бетінде «Отбасы және отағасы» атты жаңа айдар ашып отырмыз.

Әкелер институтын қайта қалпына келтіру - отбасындағы әке рөлін көтеруге келіп тіреледі. Мықты әке - бір ғана отбасының тірегі емес, мемлекеттің жүрегі де болып табылады. Осыны естен шығармасақ, қанеки!

Жаңа айдардың алғашқы қонақтарына «Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне көңілдеріңіз толады ма?», «Отбасына кім ие болуы тиіс?» деген сауал қойған болатынбыз.

Халқымызда «Әке көрген оқ жонар» деген ұлағатты сөз бар. Расында, отбасында әкенің орны қашан да бөлек. Сондықтан ол асқар тау. Біз сол асқар таулардың аласармай, биіктей түсуін қалаймыз. Алдағы уақытта ұрпағына ұлағатты тәрбие беріп отырған әкелер жайлы мақалалар жариялап отырмақпыз. Сонымен бірге ұл-қыздарын бір өзі асырап, жетілдіріп отырған әкелер туралы да материалдар жазсақ дейміз. Бұған сіздер де атсалысыңыздар, қадірменді оқырмандар!

Оңтүстік Қазақстан, №16. 8 ақпан, 2024 жыл.