Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
23 Шілде 2024

#Сізге_оқуға_ұсынамыз


...Бесін ауар шақта ғана ылдидағы жалғыз аяқ жолмен өрлеп келе жатқан әскерді көріп, баланың үрейден жүзі қуарып кеткен. Атасының өлгендігіне енді амалсыз сенгендей болды. Келе жатқан әскер қайратты жігіт екен. «Ал енді мұны қалай өлтірмекпін?» - деп ойлады бала, түрік әскерін өлтірмесе атасы қатты өкпелеп қалатындай көрініп. Атасының тығулы жатқан қылышы да, қанжары да бар. Бірақ бала оларды қолына ұстауға да қорқатын. «Сенен жауынгер шықпас. Сен бабаларыңның жолын қуып, әулие-көріпкел боларсың түбі, - дейтін атасы. Дегенмен атасының қылышы мен қанжары салынған ескі әбдіреге қарай жүзін бұрып, дірілдеген саусақтарын әбдіренің қақпағына жақындата берді»...

Толық оқу үшін Тынымбай Нұрмағамбетов «Шығармалар жинағы», ІІІ том.