Мемлекет басшысының тапсырмасымен Республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында “Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінің ұжымы өз үлестерін қосуда.
Мектептің Ұйымдастырушы педогогы Н.Тулебаеваның ұйымдастыруымен және 7-сынып оқушылары Ынталы ауылының тұрғыны Жұманов Қайыр атамыздың отбасына барып, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, арам шөптерден тазалап, көктемгі бау-бақшасына абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, мектептің психолог қызметкерлері А.Жаргөбенова мен Н.Тулебаева ауыл тұрғыны Сәндікүл апамызды «1 мамыр – Бірлік күні» мерекесімен құттықтап, ақ жаулық жауып, батасын алды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеген "Өнегелі ұрпақ" апталығы 29-сәуір мен 4-мамыр аралығында өтуде.
“Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына барлық педагог әріптестерді, оқушыларды, белсене қатысуға шақырамыз!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.