Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
29 Мамыр 2025

«Нұрғисаның танымал туындылары»

Қазақтың көрнекті композиторы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Отырар» кітапханасы және «Белсенді ұзақ өмір орталығы» мекемесі бірлесе отырып «Қазақ сазының сайыпқыраны» атты әдеби сазды кеш өткізді.

Кеш барысында көпшілік назарына Халық әртісі, дирижер, композитор, домбырашы Нұрғиса Атабайұлының өмір жолы, күйлері, отбасы туралы бейнеролик ұсынылды. Сонымен қатар «Нұрғисаның танымал туындылары» атты тақырыпта әңгіме өрбіп, шығармаларына шолу жасалды.

Мекеме қызметкерлері Нұрғиса атамыздың әндерін орындап, кешті қорытындылады.

https://www.facebook.com/reel/1773542796872218