Қазіргі қазақ ұлтының алдына қойған басты мақсаттарының бірі – білімді, жан – жақты, ақылды ұрпақ тәрбиелеу болса, сол саналы ұрпақ тәрбиелеудің басты құралдарының бірегейі – кітап. 16-23 сәуір аралығында Ұлттық кітап күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, апталықтың жабылу салтанаты болып өтті.
Ашық микрофон аясында аудандық «Әжелер» алқасының төрайымы М. Тұрлыбек, «Шуақты аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ.Байжұман, ардагер-ұстаз Ұ. Арыстан көпшілікті кітап мерекесімен құттықтады.
Шара барысында «Ең көп оқитын отбасы» аясында Сейдалиева Гүлжан ханымның отбасымен сыр-сұхбат және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Н. Сердалиевпен оқырман бенефисі өткізілді.
Балалар кітапханасы дайындаған «Қуырмаш» үйірмесі «Аю мен түлкі» ертегісін кішкентай оқырмандарымызға ұсынды.
«Кітапханаға кітап сыйлайық» акциясы аясында оқырмандарымыз кітапханаға кітаптар тарту етті. Нәтижесінде кітап қоры 102 дана кітаппен толықты.
Мерекелік бағдарлама кітапханашы қыздардың арнайы дайындаған «Бірге кітап оқиық» флешмобына жалғасты.
Ұлттық кітап күні мерекесі өз мәресіне жетіп, кітапхананың үздік оқырмандары марапатталды.
Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана ғасырлар бойы жасайтын руханият ордасы болып қала бермек. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ асыл бастауымыздан нәр алып, сусындай берсін!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.