Құрметті әріптестер!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Өркениетті ұлт әрдайым тарихымен, мәдениетімен, өнерімен танылып, бағаланады. Сондықтан отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамыз.
Айтулы күні баршаңызды құттықтап, шығармашылық шабыт, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Ауданымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына сүбелі үлестеріңізді қоса беріңіздер!
Құрметпен "Отырар" кітапханасының ұжымы.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.