«Күлкі - жанның шипасы» демекші, көптеген өркениетті елдердің ауруханаларында ауырып, көңіл-күйі түскен жандардың көңілдерін көтеру, жандарын жадырату мақсатында «күлкі терапиясы» жұмыс жасайды екен.
Көрнекті театр сыншысы Әшірбек Сығай «Сахна әлемі» атты кітабында:
«Өмір бар жерде - юмор бар. Юморы бар адам - көп нәрсеге ыңғайлы адам деген сөз. Ондай адамдар құрдастарымен қалжыңдасып, үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құра алады». Яғни, «күле білгеніміз - өмір сүре білгеніміз. Күле білу - өмір, күлдіре білу - өнер, күлкі болу - өлім», - деп өз ойын түйіндеген.
Оқырмандарымызға осы кітапты оқуға ұсынамыз.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.