Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
23 Ақпан 2026

📌Кітапханалық «Туған жерді шексіз сүй» жобасы аясында Отырар кітапханасы ұжымы аудандық өнер және саз мектебінде болып, қолөнер шебері, ұстаз Жүсіпбек Шолпан апаймен сұхбат жүргізді

📚Қазақ халқы үшін қолөнер – жай ғана кәсіп емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Сұхбат барысында Шолпан апайымыз өнерге келу жолы, төзім мен табандылықты талап ететін шығармашылық еңбегі туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
📚Өнердің әр туындысында үлкен еңбек пен жүрек жылуы бар. Әрбір бұйым – уақыт пен төзімнің жемісі. Шебер апайымыз өз тәжірибесімен бөлісіп, қолөнердің бала тәрбиесіндегі, оның ой-өрісі мен ұсақ моторикасының дамуына тигізер пайдасын да атап өтті.
📚Сонымен қатар, шәкірттердің де жұмыстарын тамашаладық. Кездесу соңында кітапхана ұжымы атынан шеберге алғыс білдіріліп, естелік кітап табысталды.