Кітап - рухани қазына болса, кітапхана - оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал, кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырман арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Осы орайда оқырмандардың қызығушылығын арттырып, кітапханаға тарту мақсатында аудандық «Отырар» кітапханасы қызметкерлері мекемелерді аралап, кітапханалық қызмет көрсетіп қайтты. Кәсіпкерлік және туризм бөлімі, Жер қатынастары бөлімі және аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінде болып жаңа кітаптармен таныстырып, кітапшалар таратты.
Кітапхана қызметкерлері қоғамның кітап оқуына барынша жағдай жасап, қажетті сұраныстарын біліп, кітапқа деген тұрақты оқырман қалыптастыру үшін қандай шаралар жасауға дайын.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.