Ертегі - балалар үшін қай уақытта да ғажайып дүние. Ертегілер - балалардың жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жиренуіне, тәлім - тәрбие алуына бағыттайды.
Осы мақсатта кітапхана қызметкерлері балабақша бүлдіршіндеріне ертегі айтып, аңыз - әңгімелер оқып берді.
Балақайлар ертегілер еліне саяхат жасаған кітапханашылардың келгеніне қатты қуанды. Өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұнатқан кейіпкерлері туралы білуге құмартты.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.