4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемелекеттік рәміздер күніне орай Отырар кітапханасында «Ел рәміздері-ел рухы» атты патриоттық сағаты өткізілді. Мемлекеттік рәміздер-Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні, болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заң қабылданды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз — ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды.
Іс – шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен ашылып, Мемелекеттік рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы айтып өтілді. Жиын соңында тақырып аясында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, кітапхана директорының орынбасары Жұмаділлә Базаркүл рәміздер күнінің маңыздылығына тоқталды.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпақтары Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеп құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.