«Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен биыл да «Түркістанның таңдаулы кітапханашысы - 2023» облыстық байқауында отырарлықтар оза шауып, бас бәйгені тағы да қанжығасына байлады. 2022 жылы да «Дара кітапханашы – дана кітапханашы» атты облыстық байқауда бас жүлде алған болатын. Қоғам қайраткері, қазақтың алып жазушысы Әбіш Кекілбаев : «Мен кітапханаларды ақыл-білім, адамгершілік парасат, иман ордасы, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті ең асыл құндылықтардың ең жанкешті сақшылары деп білемін», - деп айтқан болатын. Кітапхана сақшылары әрдайым жеңіс тұғырынан түспей, биіктерді бағындыра берсін!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.