Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
01 Шілде 2024

«Домбыра - қазағымның қазынасы»


Домбыра – бабадан қалған мұра, қазақ қазақ болғалы, бірге жасасып келе жатқан ұлттық саз аспабы. Бұл аспап қазақтың көзі, тарихтың сөзі. Даланың құнын, бабаның үнін қос ішекпен жеткізуші жәдігер.

Елімізде 2018 жылдан бері 1 шілде қазақтың төл аспабының күні яғни, Ұлттық домбыра күні ретіне тойлануда.

Бүгін осы мерекеге орай «Белсенді ұзақ өмір» орталығында «Домбыра — асыл мұра» атты мерекелік кеш өтті. Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби музейі мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Домбыра — қазағымның қазынасы» атты кітап көрмесімен басталған шарады «Amanat» партиясының Отырар аудандық филиялының атқарушы хатшысы Таңатаров Еркеғали Құралбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, қазақ халқымен сан ғасырдан бірге жасап келе жатқан, халқымыздың қуанышы мен қайғысында жанынан табылған, ұлттық болмысымызды айшықтайтын қадірлі аспабымыздың қасиетін ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығын атап өтті. Отырар ауданының құрметті азаматы, ақын Бегаман Сұлтаев домбыра туралы тағылымды өлеңін оқыса, Отырар өнер және саз мектебінде ақындар сыныбының оқытушысы Гауһар Жүсіпәлиева да домбыра туралы жүрек жарды туындысын ұсынды. Мәдениет саласының өнерпаздары мен өнер ұжымдары, қасиетті домбыраны серік еткен шығармашылық иелері өнерін ортаға салып, халық әндері орындалып, күй тартысы қызып, Отырар аспанында домбыра үні шарықтады.

Жоралы жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен құлағымыздан кетпесін, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін! Ұлы ұлт¬тың баласы, ұлықта Дом¬бы¬раң¬ды!