Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
28 Тамыз 2025

«Діни экстремизм – ХХІ ғасырдағы ғаламдық мәселе»

 

Аудандық орталық кітапханада «Діни экстремизм – ХХІ ғасырдағы ғаламдық мәселе» тақырыбында маман кеңесі өтті. Іс-шарада Түркістан облысы Діни істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Қайрат Салықбаев мырза қонақта болып, қоғамда белең алып жатқан жат ағымдар туралы ақпарат берді. Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, интернет желідегі күмәнді ақпараттардан бас тарту бойынша түсіндірме жұмыстарын жасады. Сайттардағы діни материалдарды, уатсап желілерінде келіп жатқан діни фото, видео құттықтауларды таратпау керегін айтып түсіндірді. Қоғамда ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға шақырды