«Отырар» кітапханасының ұйымдастыруымен №20 Дәуренбек Құрманбеков атындағы кәсіптік техникалық колледжінде, қоғамдағы рухани қауіпсіздікті нығайту және жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Діни экстремизм – қатерлі құбылыс» атты пікір алмасу кеші болып өтті. Іс шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі Сәрсеков Ғалымжан, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темірбек Бақыт, әлеуметтік педогог Сәбденова Мөлдір, психолог Махатова Ақерке қатысты. Кездесу барысында "Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?", "Діни экстремизм салдарынан әлемде не жағдайлар болып жатыр?" деген сұрақтарға кеңінен тоқталып, арнайы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар тақырып аясында тың ақпараттар айтылып, бет жүзді жабатын киімге тыйым салуға қатысты заң нормасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына тұщымды жауаптар берілді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.