Бүгін аудандық орталық кітапханада Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектептің ұстаздары және 9-сынып оқушыларының қатысуымен 2025 жылдың атаулы күндері мен мерейтой иелеріне арнап жасақталған кең көлемдегі кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Шара барысында Бір ел-бір кітап, Бір өлке-бір кітап акцияларына орай жыл бойы оқуға таңдалынып алынған шығармалар насихатталды. Сонымен қатар ауданымыздың 90 жылдығы аясында тарихи деректерге шолу жасалып, ауданның құрылуына еңбегі сіңген тұлғалар туралы мағлұмат берілді.
https://www.facebook.com/100009112608522/videos/2136516363530368
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.