Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
04 Қыркүйек 2024

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ел халқына Жолдауын жариялады.

Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауының түйіні ретінде бірлік бар жерде тірлік барын еске салып, ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.