Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
23 Мамыр 2025

«Бақытты бала – жарқын болашақ»

 

1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған апталықтың екінші күнінде Отырар ауылдық кітапханасында «Бақытты бала – жарқын болашақ» тақырыбында Отырар жалпы орта мектебінің 3-сынып оқушылары арасында асфальтқа сурет салу сайысы өтті. Іс-шараны кітапханашы Г.Мустафаева ашып, балаларды мерекемен құттықтап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған бұл сайыстың маңыздылығын атап өтті.

Сайыс барысында оқушылар топтарға бөлініп, әр топқа арнайы тақырыптар берілді. Тақырыптар балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған:

• «Бақытты балалық шақ»

• «Туған жерім – тұғырым»

• «Жазғы демалыс»

• «Достық – мәңгілік»

Балалар түрлі-түсті борлармен асфальт бетіне өз қиялдарын бейнелеп, тақырыптарға сай суреттер салды. Сайыс соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. 

Бұл іс-шара балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оларды өнерге баулуға және мерекелік көңіл-күй сыйлауға тамаша мүмкіндік болды.