Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Мамыр 2024

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігі жұмыссыздық, тұрғын үй кезегі және де өзге де мәселелерімен жүгінді.

Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, әр мәселені жеке өз бақылауына алатындығын атап өтті.