Аудандық әкімдік ғимаратының жанынан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды. Жобаның ашылуына аудан әкімі С.Сұлтанханов арнайы қатысып, ізгі тілегін айта келе, алғашқы оқырман болып тіркелді. Сонымен қатар, кітапхана қорына көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің 2008 жылы Шыңжаң халық баспасынан парсы тілінде жарық көрген «Мынау аппақ дүние» атты кітабын сыйға тартты. Сондай-ақ, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Құттыбай өз сөзінде жаңа жобаның оқырмандар үшін тиімді екенін айтып, сәттілік тіледі.
Жобаның мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін қалыптастыру.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.