Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
05 Наурыз 2024

«Асулар»

 

ЖАҢА КІТАП!!!

«...Әр пенденің өмір жолында өзіне лайықты асулары болады. Оның бірі аласа, бірі биік, ал кейбірі асу бермес асқар шың, бұл – менің кейіпкерлерімнің асулары».

Сағындық ҚЫДЫР

Ш.Қалдаяқов мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі Сарыпбекова Салтанат аудандық орталық кітапханаға өзінің қайын атасы, Отырар ауданының Құрметті азаматы, кітапханамыздың тұрақты оқырманы болған ҚЫДЫР Сағындық ағамыздың «АСУЛАР» атты кітабын сыйға тартты.

Сағындық ағамыз кітапхана жанашыры ретінде  талай  игі шараларға қатысып, өлке тарихына байланысты  көптеген мәліметтерден хабардар етіп жүретін, айтары көп қазыналы қария еді. Өзінің «ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ» атты кітабының 25 данасын кітапханаға өз қолымен табыстаған болатын.

Ағамыздың қолжазбаларын жарыққа шығарып,  тарту еткен ұрпақтарына алғыс айта отырып,  оқырмандарды   жаңа кітаппен танысып,  оқуға шақырамыз!