Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
12 Шілде 2024

#Адалдық_ардың_ісі #Пайда_ойлама_ар_ойла


Әділдік - ізгіліктің өзегі. Әділдік жоқ жерде береке болмайды. Алла Тағала әрбір жаратылысты өз өлшемімен әділ жаратқан. Қоғамдағы қиянат пен жемқорлықтың жолын бөгейтін күш - әділдік. Демек, әділдіктің салтанат құруымен ғана қоғам өркендейді.

Хакім Абай «Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ» деп әділдікті адами құндылықтардың өзегі ретінде көрсеткен.

Осы тақырыпта Отырар аудандық №9 Өрт сөндіру бөлімінде аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Әділдік бар жерде береке бар» атты ашық әңгіме алаңы өткізілді. Кітапханашы Ф.Сихымбаева оқырмандарға бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселеге айналып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу турасында сөз қозғап, адамгершілік, адалдық турасында әңгімелеп өтті.

№9 Өрт сөндіру бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры М.Сариев рухани тұрғыдан бай адам, жемқорлық сияқты лас істерден жанын таза ұстайтын, өз пайдасын емес, ұлттын пайдасын ойлайтын өскелен ұрпақты қалыптастыру керек екендігі жайлы айтып өтті.

Отырар аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Н.Оңалбай сыбайлас жемқорлықпен күресті әр адам өзінен бастауы керектігін және ол барлық ҚР азаматтарының азаматтық борышы екендігін айтып өтті.