Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
06 Наурыз 2025

8 наурыз

 

Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз

Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем

мерекенің қай кезде де орны бөлек. Аналарымызға деген ыстық сезім, алғыс

пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

Әйел – ана, әйел – кәсіпкер, әйел – басшы.

Бүгінде ақ жаулықты аналардың да жетістікке жетіп, табысқа кенелуіне,

биік белесті бағындыруға білімі мен білігі жеткілікті. Қоғамда іргелі істерімен танылып жүрген қыз келіншектер біздің ауданымызда да аз емес. Осы орайда аудандық орталық кітапханада "Әйел - қоғамның қозғаушы күші" атты іскер, кәсіпкер аналармен кездесу кеші болып өтті. Кешке арнайы шақырылған «Алтынсарин» төс белгісінің иегері , ардагер ұстаз, «Данагөй» әжелер ансамблінің мүшесі Арыстан Ұлсерік, кәсіпкер, аудандық іскер әйелдер ұйымының төрайымы Қасымбекова Роза , кәсіпкер Бағдаулетова Айжамал, ұстаз, М.Әуезов мектебінің директоры, Көксарай ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Сыздықәлі Айнұр ханымдар бала тәрбиесімен айналыса жүріп, қосымша жұмыс жасау, кәсіп ашып, жетістікке жету туралы сөз қозғап, өздерінің ақыл-кеңестерін бөлісті.

Кеш барысында кітапхана қызметкерлері қонақтарға әсем әндерін тарту етіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кітапхана директоры Роза Пернебаева кешті қорытындылап, қонақтарға алғысын білдіре келе, мерекелік сый-сыяпат жасады.