Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
08 апр 2026

⚜️ "Балалар әдебиеті - тәрбие бастауы" ⚜️

📚Балалар кітабы – бұл жай ғана парақтар мен әріптер емес. Бұл – баланың арманына қанат бітіретін, қиялын шарықтататын, жүрегіне жылулық сыйлайтын ерекше әлем. Әр кітаптың ішінде тұтас бір ғажайып өмір жатыр: ертегілер сөйлейді, батырлар ерлік жасайды, ал жақсылық әрдайым жеңіске жетеді.

📚Кітап оқыған бала – ойлы, арманшыл, рухани бай тұлға болып қалыптасады.

Сондықтан да Балалар кітабы күні – тек мереке емес, бұл – кітаптың қадірін ұғынатын, білімге құштар ұрпақты тәрбиелеудің маңызды сәті. Бүгінгі күні әрбір бала қолына кітап алып, жаңа әлемнің есігін ашсын! Әрбір оқылған бет – жаңа арманға бастасын!

Youtube video