Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
10 дек 2024

10 ЖЕЛТОҚСАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ КҮНІ


948 жылы 10 желтоқсанда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы «Адам құқығының жалпығы ортақ Декларациясы» қабылдады. Дүние жүзiлiк тарихта тұңғыш рет адамдардың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын қарайтын заңды құжат қабылдады. Бұл құжатты дұние жұзiнiң барлық мемлекеттерi басшылыққа алап, iске асыруға мiндеттi.

Декларация кiрiспе мен 30 баптан тұрады. Оның бiрiншi бабында былай деп жазылған: «Барлық адам болмысынан тең құқылы және азат болып туады. Барлық адамға ақыл-ой берiлген, сондықтан бiр-бiрiмен бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиiс».

Декларация – бүкiл халықтармен мемлекеттер үлгi алатын, оның талаптарын орындауға ұмтылатын құжат. Әлемнiң түкпiр-түкпiрiнде тұратын әрбiр азамат осы құжатты бiлуi, пайдалануы, өзiн-өзi қорғай алуы қажет.

Адамзат болашағы – бала. Декларацияда бала жағдайы да қарастырылған. 26-бапта:

«Әр адамның бiлiм алуға құқығы бар.

Бастауыш және жалпы бiлiм тегiн болуы тиiс.

… Ата-аналар жас балалары үшiн бiлiм беру түрiн таңдауға құқылы» делiнген. Бұл - әлем балаларына, олардың болашағына деген қамқорлық.

Адам – табиғаттың ең асыл байлығы. Адам - әр бiр мемлекеттiң баға жетпес ұлттық қоры.

Бұдан шығатын қорытынды – Адам мемлекет тарапынан қорғалуға тиiс. Жер шарының барлық адамдары ұлтына, нәсiлiне қарамай ынтымақта тiршiлiк етуi керек. Өйткенi, барлық адам – Жер ананың перзентi. Бейнелеп айтсақ, дүниежүзi халықтары бiр кемеде келе жатқан жолаушы секiлдi. Ал «кемедегiнiң жаны бiр».