Биыл қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, публицист Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл.
Ілияс Жансүгіров нағыз жан-жақты дарын иесі. Ол – қаламынан түрлі жанрда тамаша туындылар шыққан, қазақ әдебиет өнерінде өшпес із қалдырған үлкен қаламгер. Өз халқының әдебиетінің іргесін қалап қана қоймай, оның өміршеңдігін нақты өлмес туындыларымен байытқан талантты суреткер.
Қазақ жеріндегі аласапыран төңкеріске дейін, негізінде, ауыз әдебиеті ғана дамыған қазақ даласында поэзияның, прозаның, драматургияның, аударма, балалар әдебиеті мен журналистиканың тамаша үлгілерінің дүниеге келуіне өзіндік үлес қосқан жаңашыл қаламгер.
Ілияс Жансүгіровтің ақындық талантын, шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын байыту мақсатында № 20 Д.Құрманбеков атындағы колледж студентерімен «Қазақ поэзиясының құлагері» атты әдеби кеш өткізілді. Шара барысында ақынның өмір жолы туралы бейнеролик көпшіліктің назарына ұсынылды. Жастар Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінен, прозалық шығармаларынан және драматургиясынан үзінділер жатқа оқыды.
Поэзияның жаны тіл болса, осы сөз жауһарларын халқына сарқып берген ақынның дүниелері қазақ әдебиетінің біртұтас қабырғасы іспетті. Ендеше ақынның сөзі өлмейді!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.