азақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің №514 бұйрығына сүйене отырып, Республика көлемінде «Zeyindi Bala» балалар журналының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Мақатаев оқулары» байқауы жарияланған болатын.
Осы байқаудың мәнерлеп оқу бағыты бойынша балалар кітапханасының кішкентай оқырмандары, ағайынды Оңғар Дарын мен Оңғар Айиша қатысып, жүлделі I - дәрежелі дипломмен марапатталды.
Кітап сүйер кішкентай оқырмандарымызға зейіндерің ашылсын, әрқашан кітаппен дос болыңдар дейміз.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.