Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
06 Мамыр 2024

ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 10 САЯБАҚ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ


Мемлекет басшысының бастамасымен 6-сәуірден бастап республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын.

Аталған акция аясында аудан аумағындағы 10 саябақ пен аллеялар маңайы тазартылып, көше бойлары толық реттеліп, көгалдандыру жұмыстары атқарылды.

Ауданда өтіп жатқан тазалық шараларына аудан тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, спорт және өнер майталмандары, жас пен қарт кісілер де атсалысуда. Бүгінгі күнге дейін «Таза өлке», «Киелі Мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» экологиялық акциясына 12 мыңға жуық адам атсалысты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл округтерде көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, көше бойлары, өзендер арнасы, 20 шақырымнан астам иригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды.

Аудан аумағында көктемгі ағаш отырғызу маусымында елді мекендерді көгалдандыру мақсатында 29 мыңға жуық астам сәнді ағаштар мен түрлері мен 1700 мыңнан астам гүл көшеті отырғызылды.

Алдымызда «Мөлдір бұлақ» апталығы бастау алатын болады.