Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Сәуір 2024

«Өнегелі ұрпақ»: мақтааралдық жастар қарттарға қолғабыс жасауда


«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен «Мырзакент өңірі бойынша жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығы мамандары аймақтағы жалғызбасты қарттардың үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Соның бірі Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті, Бейбітшілік көшесінің тұрғыны Литвинцовтар отбасына барып, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Жасы үлкенге құрмет көрсету - біздің ата дәстүріміз. «Қарты бар үйдің қазынасы бар дегендей» қарияларымызды көзі тірісінде құрметтеп, қолғабыс жасау - бүгінгі жас ұрпақтың міндеті. Қарттарымыз еліміздің тілеуін тілеп, арамызда аман жүрсін», - дейді орталық маманы Алмагүл Ергашева.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі