Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
02 Қараша 2023

24 қазан –Кітапханшылар  күніне  орай  өткізілетін  «Мен  сүйген  мамандық » атты  кәсіби  мерекеміз  аталып  өтті.

Кітапханашы  мамандығы  өзінің  өте  қызықты  да,тартымдылығы  мен  ерекшеленеді. Себебі  күн  сайын  жаңалыққа  толы  сәттер, яғни   жаңа  келген  газет-журналдар, жаңа  кітаптар  және  күн  сайын  келіп  кітап  алып  жатқан  оқырмандар . Осылай  жұмыс  күні  жалғасып  жатады.Кітапханшының  жұмысы  жаңалыққа  құмарлықтан  басталады. Кітапханашы  - ой-өрісі  мықты,білімді,өз  ісінің  шебері.Соның  дәлелі  кеше  ғана  кітапхана  дтректоры  Рыскелді Айнагүл  апайымыз  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі    «Мәдениет  саласының  үздігі»төс  белгісімен  марапатталса, 2022-2023 жылдары  облыстық «Фараб»кітапханасының  ұйымдастыруымен  өткізілген  кәсіби  байқауда   кітапханашыларымыз    қатарынан  екі  жыл  облыстың «Үздік  кітапханашысы»  атанды.