Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2

Отырар аудандық оралықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесі бойынша 2024 жылдың І – ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы қысқаша мәлімет

Отырар ауданы бойынша 25 кітапхана (1 аудандық орталық кітапхана, 1 орталық балалар кітапханасы және 23 ауылдық кітапхана) халыққа қызмет   көрсетеді.

Негізгі көрсеткіштер:

Барлық кітап қоры - 296560
Аудандық орталық кітапхана кітап қоры - 55338
Балалар кітапханасы кітап қоры - 22699
Жаңа кітаптар саны - 2243

Барлық оқырман саны - 1510
Кітап берілімі - 162398
Келушілер саны - 81736

Материалдық-техникалық базаны нығайту жағдайы:

2024 жылға жергілікті бюджет  есебінен материалдық-техникалық  базаны нығайту үшін берілген 956, 0 (тоғыз жүз елу алты.) мың теңгеге  3  компьютер, мемлекеттік ту алуға үшін 50, 0 (елу) мың теңге, құрылыс заттарын алу үшін (эмульсия, краска) алу үшін 648,0 (алты жүз қырық сегіз) мың теңге жұмсалды

Кітапханаларды компьютермен қамтамасыз ету жағдайы:

-  Мекеме бойынша барлық компьютер саны - 38.  Барлық кітапхана   компьютермен қамтамасыз етіліп,  интернет желісіне қосылған .

- Аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесі  бойынша кітапханалық қызметін цифрландыру жүйесіне көшіруде MEGA-РАБИС бағдарламасы енгізілген. Бұл бағдарлама бойынша каталогтау және іздеу қызметтері оқырмандарға электронды түрде қызмет көрсетіп отыр. 2023 жылдан бастап www. Otyrarkitap.kz кітапхана сайты жұмыс жасауда.

Кітапханаларды кітап қорымен  толықтыру жұмысы:

2024 жылы кітап қорын  толықтыру үшін барлығы 5,000 (бес млн) теңге қаралған.     

Оның 3,000 (үш млн) қаржысы кітап алу үшін, 2,000 ( екі млн) қаржысы кітапханаларды мерзімдік басылымдармен қамтамасыз ету үшін қаралып отыр.  2024 жылдың І- ші жартыжылдығында 1910,0 (бір млн. тоғыз жүз он мың)  қаржысына 672 дана кітап сатып алынды. 25 кітапхананы мерзімдік басылымдармен қамтамасыз ету үшін 2024 жылдың 6 айында 1200,0 (бір млн. екі жүз) қаржысы игеріліп, оған 233 дана газет -журналдар алынып отыр.

Өткізілген мәдени іс-шаралар саны - 215

Оның ішінде:
онлайн - 39
оффлайн -176
Қатысушылар - 5754

Іс-шараға жұмсалған қаржы - 1390,0

- «Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат» атты қисса-дастандарды мәнерлеп оқу аудандық байқауы;

- Отырар  аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазыналы керуен» облыстық акциясы;

- Отырар аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Мұқағали оқулары» аудандық байқау;

- Түркістан қаласында өткен «Ұлттық тағамдар» көрмесіне қатысу;

- «Менің бақытым - қаламым мен домбырам» деп ғибратты ғұмырын сөз өнеріне арнаған Әселхан апамыздың шығармашылығына арналған V аудандық «Әселхан оқулары» байқауы;

- Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ауғанстан:ХХ ғасыр қасіреті мен қаһармандығы» атты кездесу кеші;

- «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» мерекелік кеш;

- «Жастар - елдің оң күші» пікірталас - диалог;

- Ауылдық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Ең үздік ауылдық кітапханашы» атты аудандық байқау;

- Отырар аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Kitap шоу - 2024» мерекелік кітап фестивалі;

- Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Фараби оқулары» атты аудандық байқауы;

- Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақылдыммен Ақылдымын» атты аудандық іріктеу - байқауы өткізілді.

- «Бір ел бір кітап» акциясы бойынша Б.Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Бар өмірін балаларға арнаған» оқырмандар конференциясы.

Кадрлық құрамы:

Барлық қызметкерлер саны - 63
Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер саны - 43

2024 жылдың жетістіктері:

- Түркістан  қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында жасөспірімдер және балалар  арасында «Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат» атты қисса-дастандарды мәнерлеп жатқа айтудан «Ер Тарғын» эпосы бойынша облыстық байқауында Берік Кәусар бас жүлде (500 мың), Зайнидинов Нұрбақыт орын (150 мың) иеленіп,арнайы  сыйлықтармен  марапатталды.

- Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында жасөспірімдер және балалар арасында «БАБАЛАР МҰРАСЫ - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ» атты қисса-дастандарды мәнерлеп, жатқа айтудан облыстық байқау болып өтті.  «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абай Бекназарұлы қазылық еткен бұл байқауда «Мұңлық-Зарлық» дастанын мүдірмей айтып шығып, қарсыластарынан оза шапқан  көксарайлық оқырманымыз, Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 8 сынып оқушысы Бабахан Кәусар жүлделі 1 орынды (300 мың) иеленді.

- Облыстық «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Азамат кітапханашы» атты байқауында кітапханалық процесстерді автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Таменов Жасұлан І-ші орынды иеленді.