Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Аналарымызға деген ыстық сезім, алғыс
пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Осы орайда аудандық орталық кітапханада «Ана – кәсіптің де, отбасының да шамшырағы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кешке арнайы қатысқан зейнеткер-ұстаз Күлзейнет Асан, ұстаз Аманкүл Омар және балалар тіс дәрігері Жұлдызай Қалдыбай бала тәрбиесімен айналыса жүріп, қосымша жұмыс жасау, жетістікке жету туралы сөз қозғап, өздерінің ақыл-кеңестерін, тәжірибелерін бөлісті.
Кеш барысында кітапхана қызметкерлері мен Мәдениет сарайының өнерпаздары қонақтарға әсем әндерін тарту етіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кітапхана директоры Роза Пернебаева кешті қорытындылап, қонақтарға алғысын білдіре келе, мерекелік сый-сыяпат жасады.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.