Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Желтоқсан 2025

«ЖАҢАШЫЛ КІТАПХАНАШЫ»

Кітапхана – дүниеде ештеңе тең келмейтін білім мен ғылым ордасы, даналық пен білімнің киелі мекені болса, сол даналық ордасында тізбектеліп тұрған кітаптарды көздің қарашығындай сақтап, оны халыққа насихаттап жүрген бірден-бір тұлға ол – кітапханашы екені даусыз. Кітапханашы мамандығы - білімді, жаңашыл, ізденімпаз мамандық, оның әрбір жұмысы жаңалыққа құмарлықтан басталады.

Отырар кітапханасында Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңашыл кітапханашы» атты жас кітапханашылар арасында аудандық байқау болып өтті. «Сәлемдесу - салтымыз»/өзін-өзі таныстыру/, «Менің шығармашылық әлемім»/жұмыстағы бір күнін жаңаша түрде бейнероликпен көрсету/, «Мен кәсіби маманмын» /кәсіби бағыттағы сұрақтарға жауап беру/ және «Менің сүйікті кейіпкерім» /өзі оқыған бір кітабыннан сахналық көрініс көрсету/ атты 4 кезеңнен тұратын бұл байқауға 9 үміткер қатысты.

Байқауды Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Құттыбай Сағынтай Тәтібайұлы алғы сөзбен ашып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Байқау сарапшыларының шешімі бойынша кітапқа деген сүйіспеншілігін, ізденісі мен жаңашылдығын көрсете білген аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Ұлзат Пәттел Бас жүлдені иеленсе, өз еңбектерімен, шеберліктерімен және шығармашыл жұмыстарымен ерекшеленіп, кітапханашы мамандығының маңыздылығын көрсеткен кітапханашылар – Сандуғаш Сұлтанбек І орынды , Жазира Әтей ІІ орынды, Алтынай Топаева ІІІ орынды өзара бөлісті.

Басқа қатысушыларға да арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Жеңімпаз кітапханашыларға шығармашылық шабыт пен кәсіби табыс тілейміз!